17 Мамыр 2022
Страницы KZ «Ақжар балалар өнер мектебі» КММ

Атқарылған іс-шаралар

Жер сілкінісі бола қалған жағдайда қауіпсіздік шарасын пайдалану мақсатында «Балалар өнер мектебі» КММ-де оқу -жаттығуы өткізілді.

Оқу -жаттығу жоспарына сай дабыл нүктесі сағат 11 45 те қосылды, дабыл нүктесі іске қосылғаннан кейін ғимарат ішіндегі қызметкерлер мен оқушылар тез арада қауіпсіз алаңға шығарылды. Тарбағатай ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Қуанғанов Елдос Қуанғанұлы ұжымға және оқушыларға төтенше жағдайға байланысты ережелерді таныстырылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы төтенше жағдайға байланысты оқу-жаттығуға 20 қызметкер, 28 оқушы қатысты.


5-10 ақпан күндері аралығында сәндік-қолданбалы өнер сыныптарының "Өнер айнасы" атты апталығы болып өтті. Жоспарға сай дүйсенбі күні шағын концертпен апталық ашылып, "Ұлы тұлға- Әбілхан Қастеев" атты суретшінің 120 жылдығына орай өмірбаяны мен шығармашылығына талдау жасалды, көрме ұйымдастырылды.

Оқушылар мен мұғалімдер арасында түрлі сергіту ойындары ойнатылды.

Апталық барысында "Бізде басқа қырдан танылайық" атты тренинг, "Сиқырлы қолөнер" шеберлік сағаты," "Қолөнер қобдишасы", пуантилизм, фитодизайын тақырыбындағы ашық сабақтар өткізілді.

Апталық оқушылардың әсем әндері мен көркем билерімен аяқталып өз мәресіне жетті десек те болады. Апталықтың жоғары дәрежеде өтілуне ат салысқан сәндік-қолданбалы өнер сыныптарының мұғалімдері: Кендіржанова Л, Аблахатова М, Мухаметжанова А.


Балалар өнер мектебі "Досболlike" акциясын қолдап, шығармашыл ұстаз ретінде ниеттерін білдірді. Мұғалімдер алақандарымен сурет салып ақ қағаз бетіне достық пен мейірімділік шаңырағын бейнеледі.Қолма қол жасаған бейне арқылы біздің ұжым адамгершілік пен мейірімділікті, достық пен сыйластықты әрдайым ұстануды баршаны шақырады.


Балалар өнер мектебінде 1-наурыз алғыс айту күніне орай мәдени шара өткізілді. Оқушылар мектеп ұжымының барлық қызметкерлеріне алғыстарын айтып, құттықтады.Мектептің әр қызметкеріне қолдан жасалынған қолөнер бұйымдарын тарту етті. Барлықтарыңызды келе жатқан алғыс айту күнімен құттықтай отырып өзара сыйластыққа, береке-бірлікке шақырамыз.

Ұйымдастырған: ұйымдастырушы педагог Қабдуашева Б.С., мобилограф: Назымханова А.Б.


"Жан жылуын, Ана сенен табар едім" аудандық білім бөлімінің білім саласындағы әйел мұғалімдерді құттықтау концертіне "Балалар өнер мектебі" өз қорынан мерекеге сай көрмесін ұсынды. Көрмеде аналардың сан түрлі образдары мен әйел затының  тұрмыстағы көрінісі бейнеленген. 30-дан аса оқушылардың түрлі техникада орындалған кескіндеме суреттермен аралас техникада орындалған қолөнер жұмыстары көрермен назарына ұсынылды.


Мектепте "8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне" орай мерекелік шара өткізілді. Мектептің кіреберісінде аналар құрметіне құттықтау фотоколлажы жасалынып, кейін фотолар аналардың өздеріне тапсырылды. Мерекеде әсем безендіру аясында оқушылар ұстаздарға арнап концерт қойып, ән мен биден шашу шашты.Жиын соңы оқушылар мен ұстаздарға деген мектеп басшысының құттықтауымен аяқталды.


13-наурыз күні "Балалар өнер мектебі" КММ-де кезектен тыс әдістемелік кеңес өткізілді. Күн тәртібінде педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер туралы айтылып, талқыланды.Жаңа ережеде педагогтардың 30 жыл еңбек өтілі болса аттестаттаудан босатылатыны өте құптарлық жағдай.Кеңеске аудандық білім бөлімінен бас маман А.Рахымбаева қатысып туындаған сұрақтарға толық жауап берді.Мұғалімдер тарапынанда ұсыныстар айтылып білім бөліміне жолданды.


Балалар өнер мектебі КММ-де 14-наурыз "Көрісу күні-амал мерекесі" аталып өтті. Аудан әкімі Дархан Шомпайұлы бастаған ауыл ақсақалдары, мәдениет үйінің қызметкерлері, Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Ақжар саз мектебі ұжымынан қонақтар келіп, көрісіп, амандық білісті. Ақсақалдар мен аналарымыз батасын беріп, қонақтар ізгі-тілектерін білдірді. Келген қонақтарды мектеп ұжымы әдемі әуенмен, ұлттық нақыштағы киіммен қарсы алды. Сахнада оқушылар өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты. Көрісу мерекесі өте тамаша ауыз толтырып айтарлықтай аталып өтті. Барлықтарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жанұяларыңызға бақыт тілей отырып, Наурыз мерекесі құтты болсын демекпіз !


15-наурыз қайырымдылық күні.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау шарасының кезекті бір көрінісі Қайырымдылық жасауға бағытталған.
Қайырымдылық-білектен, Мейірімді іс жүректен! демекші, ауылымыздың тұрғынына “Балалар өнер мектебі”ұжымынан көмек көрсетілді.


16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай " Балалар өнер мектебі" КММ-де ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында іс-шара өткізілді. Наурыз мерекесі- бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі. Мереке құтты болсын!


18 наурыз - Ұлттық киім күні. “Балалар өнер мектебі” КММ-сі Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер киіп домбырамен ән салып, орталық алаңға шығып өз үлестерін қосты. Сонымен қатар шеру барысында орталықтағы кемеңгер-ұлы Абай ескерткішінің қасында ақынның әндерін ұжым болып құйқылжыта шырқады. Наурыз мерекесі құтты болсын!


Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне орай мектептің тәрбие жоспарына сай 

"Шебердің қолы ортақ" атты мұғалімдер арасында қолөнерден байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты біріншіден мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасса, екіншіден мектеп қорын қолөнер бұйымдарымен толықтыру болды. Байқауға әр мұғалім тың шығармашылық жұмыстарымен қатысты. Байқау қорытындысы бойынша

Бас жүлде- Исмаилова Д.И.

1 орын -Дүйсембаева Л.Қ.

2 орын-Аблахатова М. А.

3 орын- Кендиржанова Л.Р. иеленді. Мектептің әр мұғаліміне шығармашылық табыс, отбасыларына амандық тілейміз. Наурыз мерекесі құтты болсын!


Биыл Қазақстанда көктем мерекесі жаңа форматта тойланды. Наурызнама онкүндігі жыл сайын 14-23 наурыз аралығында өткізілетін болды.

22 наурыз-Жыл басы .Осыған орай Ақжар ауылы орталық алаңда мәдени- спорттық іс- шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңке ұйымдастырылды. Мерекеге орай “Балалар өнер мектебі” КММ-сі де өз үлесін қосты. “Ауылымның түтіні” шатыры тігіліп қонақтарға ақ дастархан жайылды, самаурын қайнатылып ыстық шай таратылды. Үлкен сахнада ұжым болып қазақтың аңыз-ертегілерінің Шықбермес Шығайбай, Алдар көсе, Тазша бала және Ертөстік кейіпкерлерінің жаңа образдарынан халыққа көрініс қойды. Наурызнама онкүндігінің  қорытындысы бойынша Өнер мектебі  Сахна көрінісінде 2- дәрежелі дипломмен және “Ұлттық киім- ұлт бейнесі” номинациясы сыйлығына ие болды. Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі құтты болсын!


Наурыз айында көркемсурет сыныптарының “Бояулар құпиясы” атты апталығы өтті. Апталық кескіндеме жанрының әртүрлі әдіс- тәсілдерімен сурет салу , пластикадан гүл жасау, асық мүсінін нақыштау сынды шеберлік сағаттарымен ашылды. “Боди-арт”, “Гуашь техникасы” “Құстарды бейнелеу” және “Бейнелеудің жаңа әдісткері” атты мүсін, сурет, кескіндеме пәндері бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сондай- ақ мұғалімдер үзілістерде барлық сынып оқушылар назарына жылдам уақытта сурет салу әдістерімен бөлісті. Олар: жұмсақ материалмен жемістерді бейнелеу,  тұрмыстық заттар көмегімен трафаретті қағаз бетіне түсіру сияқты құпиялармен бөлісті. Апталықтан оқушылар көрген, білгендерін болашақта қолданары анық. Өткізген пән мұғалімдері: Жакишев Е.М, Шоқан Ә.Ә, Жетпісов М.М, Жетпісов С.М. Мұғалімдерге шығармашылық өрлеу тілейміз.


Таза қазақстан - киелі мекен!
Құдайдың берген, кіндік қанымыз тамған құт мекенімізге жоғары деңгейде көңіл бөлуіміз керек. Қолда бар алтынның қадіріне жету - білгенге маржан, білмеске арзан. Қоршаған ортамыздың тазалығы сізбен біздің қолымызда.


Педагог беделі. " Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі", деп Мағжан Жұмабаев айтқан еді.Өнер мектебінде "Педагог мәртебесі" Заңы аясында өткізілген жиналыс педагогтік әдеп, заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделді.

Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагог ҚР еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді.Содықтан әрбір мұғалім педагогтік әдепті сақтау, оны өзінің құзіреттілігі шеңберінде бұзбау бірінші міндеті болмақ.

"Педагог мәртебесі" Заңы еліміздің білім ордаларындағы мұғалімдерге де, білім алушыларға да тиімді болып, білім сапасын арттыруға зор үлесін қоса бермек.


Бүгін 26-сәуір күні “Балалар өнер мектебі” КММ ұжымы Көкпекті ауылы “Оқушылар шығармашылық сарайына”тәжірибе алмасу күніне арнайы барып қайтты. Мектеп оқушыларының 5 бағыттағы шығармашылығын тамашалады. Қолөнер бағытында: кинусайга, моншақтан тоқу, топиарий жасалу әдістері, ал сурет және кескіндеме бағыты бойынша: құрғақ қылқалам, акварель техникалары және шыны бетіне құммен сурет салу шеберлік сағаттарына қатысып, мұғалімдер бірге жасап көрді. Бағдарлама барысында мұғалімдер жаңа техникалармен танысып, сұрақ жауаппен алмасты. Ұжым мүшелерін қолөнер естеліктерімен қуантты. Көкпекті ауылы “Оқушылар шығармашылық сарайы”ұжымына жаңа белестер тілей отыра, бүгінгі өткен шығармашылық күніне алғыс айтамыз!


“Балалар өнер мектебі” КММ ұжымы "Жасыл  Қазақстан" республикалық-экологиялық акциясының "Жасыл аймақ"  жобасына сәйкес бүкіл ауыл болып ағаш көшеттерін отырғызуға ат салысты.


“Балалар өнер мектебі” КММ-нің қызметкерлері Республика көлемінде өтіп жатқан “Жас Ағаш” эко акциясына байланысты мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды, көпжылдық жас шыршаларға күту жұмыстарын жүргізді.


“Балалар өнер мектебі” КММ-сі 18-мамыр күні 2023-2024 оқу жылының “Әсемдік әлемінде” атты шығармашылық есебін берді. Есеп беру бірнеше бөлімнен өткізілді. Атап өтетін болса Даярлық сыныбы оқушылары “Мақта қызбен мысық ертегісінен көрініс қойды, жетекші: Қайдарова Алуа. Мектеп тарихынан атқарылған жұмыстар мен жетістіктерден бейне жазба көрсетілді, дайындаған Масалимова Қ.Е, Назымханова А.Б. Негізгі бөлімде шеберлік сағаттар өткізілді. Көркемөнер сыныптарында: Мүсін композициясы, графика техникасы, макет құрау әдістерін жетекшілер: Шоқан Ә.Ә, Жетпісов М.М, Жакишев Е.М, Жетпісов С.М. Сәндік- қолданбалы сыныптарында: киіз басу, көлемді гүл бұйымы, фетр матадан картина жасау әдістері жасалынды, жетекшілер: Кендиржанова Л.Р, Дүйсембаева Л.Қ, Аблахатова М.А. Киімді көркемдеп үлгілеу сыныбында заманауи сөмке тігу барысы көрсетілді, жетекшісі Мухаметжанова А. Т. Мұғалімдеріміз Исмаилова Д.И, Дүйсембаева Л.Қ, Қайдарова А.М. Мектеп директоры атынан мақтау қағаздарымен, Жакишев Е. М. аудандық білім бөлімінің басшысынан ауданның білім бөліміне қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды және оқушыларға Республикалық, облыстық сайыстар жүлдегерлерінің және мектептің белсенді оқушыларына мадақтамалар табысталды. Видеограф Назымханова А. Сахна безендірген Қабдуашева Б.С.


Жаңа 2023-2024 оқу жылына дайын

Жаңа оқу жылына көркемөнер сыныбы кабинеті-5, қолөнер сыныбы кабинеті-4, акт залы,мұғалімдер бөлмесі, ұлдар, қыздар әжетханасы жаңа оқу жылына дайын. Осы жаңа оқу жылына Аудандық білім бөлімінің тарапынан мектебіміз жаңа жиһаздармен,  яғни стол, орындық, мольберт, шкафтармен жеткілікті етіп жабдықталды. Мұғалімдер тарапынан мектеп дәліздеріне сурет салынды.


Балалар өнер мектебі "Мектеп-Green Oasis" жобасы аясында мектеп ауласына көктем уақытында көпжылдық гүлдер отырғызылды. Мектеп кабинеттерінде бөлме гүлдері орналасқан, әлі де гүл өсіру жыл бойы жалғасады. Дәліздерге жаңа оқу жылында гүл астаулары мен балаларға арналған жұмсақ орындықтар қойылды. Дәліз қабырғалары талапқа сай безендірілуде. Жаңа жиһаздармен қамтылған, жарық та әсем мектепте оқушылар шығармашылықпен толық қанды айналыса алатындарына сеніміміз мол.

 


9-қыркүйек 2023 жыл. Облыс орталығында «Тарбағатай күні» аясында Балалар өнер мектебі тарапынан «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатымен балалар шығармашылығынан көрме қойылды. Сондай-ақ Металлургтер мәдениет үйінде мұғалімдер шығармашылығынан көрме қойылды.


Ақжар ауылдық кітапханасының өткізуімен "Kitap time-2023" жалпы республикалық кітап фестивалы аясында өткізілген Quiz ойынына мектебімізден мұғалімдерден 1 топ алғаш рет қатысып көрді.

 


16 қыркүйек күні Балалар өнер мектебі ұжымы жоспарлы пленэрге шықты. Туған жердін табиғатының күздің жылы түстерге боялған пейзажды мұғалім-суретшілер алтын күз көрінісінен шабыттана отыра қағаз, кенеп беттеріне түсірді. Аспандағы жарыса өзгерген ала бұлттарды қылқалам қозғалысымен ұстап қалу оңай болмасы анық. Мектеп сурет қоры бірнеше пейзаж жұмыстарымен толықты. Ұжымға шығармашылық жаңа идея, жаңа табыс тілейміз!

 


«Сиқырлы күз» 30.09.2023 жыл Балалар өнер мектебінде Табиғаттың әсем мезгілі «алтын күз» мерекесі өтті.Сары алтындай  сары күз , себетке толы жемістерімен , балалардың әсем әуенімен, мың бұралған билерін тамашалап жақсы әсер қалдырды.Сондай ақ белсенділік көрсетіп ерекше образ көрсетіп Қайдарова Алуа бас жүлде иегері болып,медаль алып марапатқа ие болды. Сондай ақ 1-ші орынға ие болған Дүйсенбаева Лаура,Айгерім Төлегенқызы, 2 ші орын иегерлері Кендіржанова Ләззат,Исмайлова Дилинур женімпаз атан.


24 – қазан күні Президент жолдауына сәйкес білім сапасын арттыруда игі бастама педагогикалық ізденіс,жаңа серпін шығармашылықты дамыту мақсатында Көкпекті оқушылар шығармашылық орталығы Ақжар Балалар өнер мектебіне келді.Екі мектеп ел ертеңі үшін бір мүддеге қызмет атқара отырып ,жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген ойдамыз.


Республика күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Балалар өнер мектебі

КММ – де 25 қазан «Республика күні» мерекесі аталып өтті. «Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін.»


27 – қазан күні Балалар өнер мектебі КММ – нің ұжымы арнайы квотамен Зайсан қаласында өткен ШҚО білім басқармасының  «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы  мен «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі» бірлесе ұйымдастырған «Қосымша білім беру ұйымдарында оқушыларды оқытудың дамытушылық технологиялары» атты облыстық семинарға қатысты.Семинар барысында қолөнерден түрлі тақырыпта сабақтар көрсетіліп әр мұғалім өздерінің жаңашылдығы мен шеберліктерін ортаға салды. Музыка мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Мұғалімдеріміз семинардан алған тәжірибелері мен көрген әсерлерін мектебімізде өздерінің білім мен тәрбие берудегі еңбектеріне пайдаланатыны анық.Осындай облыс, республика көлемінде өтетін қосымша білім беру мектептеріне арналған семинарлар мен оқулар көп болсын демекпіз.


27- қазан 2023 жыл. Балалар өнер мектебінің ұстазы ,суретші Еркебұлан Маутханұлы 40 - тың қырқасына келді. Соған орай мектеп ұжымында «Талант иесімен кездесу» сыр – сұхбат дөңгелек стол ұйымдастырылды.Кездесу барысында ұстаз биографиясына шолу жасалып, қызықты 40 сұрақ айдары өткізілді. Мектептен түлеп ұшқан түлектердің ішінде жоғары оқу орынында оқитын жүрек жарды құттықтауларын онлайн жеткізді. Ұстазға осылай ерекше құттықтаулар жасалды.Әріптесімізге зор денсаулық,жанұясына бақыт, еңбегіне жеміс, шығармашылық табыс тілейміз.


Бүгін өнер мектебінің оқушылары арасында уақыттарын тиімді пайдалану  мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылды.Сайыс ұйымдастырылды.Сайыс барысында логикалық ойлау және қол моторикасына пайдалы ойын түрлері де ойнатылды.Ұйымдастырған сәндік – қолданбалы өнер сыныбы мұғалімі Дүйсенбаева Л. Жоспардың екінші кезеңінде «Мақтаншақ қыз» атты қызықты мультфиьмі көрсетілді. Барлық балалар отырып көрген, мультфильм өте әсерлі болатынын байқадық.


Күзгі демалыс. Балалар өнер мектебінде оқушылар күзгі демалыс күндері жоспарға сай түрлі тәрбиелік мәні бар шараларға күнделікті қатысуда. Бүгін қуыршақ театрының түрлі бұйымдарын алып балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерін өздері сомдады. Әр бала образға кіре білді. «Үш шебер» мультфильмін бірге отырып тамашалады. Жетекшілік еткен тәрбие ісінің меңгерушісі Л.Кендіржанова және сәндік – қолданбалы өнер сыныбының мұғалімі А.Қайдарова болды.


Ашық сабақ апталығының ашылуы 20.11.2023 ж өтті

Жаңа технология бойынша жаңаша әдіс тәсілдер қолданылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Масалимова Қ.Е.Ұйымдастырушы педогог: Қабдуашева Б.С. ұйымдастыруымен өтті.


мұғалімдері ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтарды  мұғалімдер өте жоғары дәрежедегі дайындықпен өткізді. Әрбір мұғалім сабақ беру барысында жаңа технологияларды тақырыбына сай пайдалана білді. Бір апта сабақ барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты десекте болады.


26-қараша 2023 жыл.

Ашық сабақ апталығынан кейін мұғалімдерге  Quiz ойыны ұйымдастырылып, "Жалын", "АДЕС" және "Алтын Жұлдыз" топтары болып мұғалімдерден 3 топ қатысты. 4-кезеңнен тұрған қызықты тартыста 1-орын "АДЕС", 2-орын "Алтын Жұлдыз", 3- орын "Жалын" тобы иеленді. Ұйымдастырушы Оқу ісі жөніндегі орынбасары Масалимова Қ.Е. ұйымдастырушы- педагог Қабдуашева Б.С.


Тәуелсіздік күніне орай "Балалар өнер мектебі" КММ де "Жас суретшілер палитрасы" атты мектепішілік оқушылар сурет сайысы өтті. Жиыны 36 бала қатысты.

1-4 сынып бойынша  еркін тақырыпта сурет салынды. Бас жүлде Мұқашева Дина

1-орын Рашид Раяна, Рашид Аймерей,

2-орын Қайролданова Ғазиза, басқа оқушылар 3-орын номинациясымен марапатталды.

5-8 сынып оқушылар "Тәуелсіздік" тақырыбында сурет салды. Бас жүлде Даниалханов Парасат 1-орын Жарқынқызы Алуа

2-орын Жандосұлы Ақжігіт

3-орын Халелов Жансерік ие болды.

Жоғары сынып натюрморт салды.

1-орын Қайратова Толғанай

2-орын Тоқтарова Еркем

3-орын Кәкімбек Ералы ие болды

 

"Өнер адамына құрмет" атты  аудандық семинар өтті. Семинар 2-бөлімнен тұрды, 1 - бөлімде зейнетке  жасына таяған ауданымыздың еңбегі сіңген көркем еңбек пәні мұғалімдерімен сыр-сұхбат өтті. Кеш қонақтары Асылханова Бейбітгүл (Дәулетбай мектеп балабақша кешені), Нукатов Серікхан (Қ.Жарылғасынов атындағы Жаңалық мектебі), Сағидолдин Бауыржан (Абай атындағы орта мектебі), Якупжанов Асқар (Ақынов атындағы орта мектебі)  және Сүлейменов Еркін ағаларымыз болды(Т.Рысқұлов атындағы мектебі ). Сыр-сұхбат барысында ұстаздарымыздың өмірбаяны, қызықты оқиғалары және еңбек жолдарымен таныс болдық.

2- бөлімде семинарға қатысушылар топтарға бөлініп quiz ойынын ойнады. Quiz ойыны қорытындысы бойынша 5 топтан оза шыққан

1-орын "Өнер" тобы

2- орын "3 кыз, 1ұл"

3-орын "Бейбарыс" орындарына ие болды.


Бүгін Балалар өнер мектебінде "Ғажайып жаңа жыл" атты балаларға арналған жаңа-жылдық меркелік  шырша ұйымдастырылды. Мерекелік шыршаға  даярлық сыныптан бастап жоғарғы курс оқушылары қатысты.Мерекеге келген ата-аналар мен мектеп оқушыларын безендірілген  әдемі сахна, фото зона, қар қалашығы қарсы алды. Оқушылар өздерінің түрлі өнерлерін ортаға салып би билеп, ән айтты.Кеш көңілді өтті.


Тәуелсіздік күніне орай "Балалар өнер мектебі" КММ де "Жас суретшілер палитрасы" атты мектепішілік оқушылар сурет сайысы өтті. Жиыны 36 бала қатысты.
🎨1-4 сынып бойынша еркін тақырыпта сурет салынды. Бас жүлде Мұқашева Дина
1-орын Рашид Раяна, Рашид Аймерей,
2-орын Қайролданова Ғазиза, басқа оқушылар 3-орын номинациясымен марапатталды.
🎨5-8 сынып оқушылар "Тәуелсіздік" тақырыбында сурет салды. Бас жүлде Даниалханов Парасат 1-орын Жарқынқызы Алуа
2-орын Жандосұлы Ақжігіт
3-орын Халелов Жансерік ие болды.
Жоғары сынып натюрморт салды.
1-орын Қайратова Толғанай
2-орын Тоқтарова Еркем
3-орын Кәкімбек Ералы ие болды

Бүгін Балалар өнер мектебінде "Ғажайып жаңа жыл" атты балаларға арналған жаңа-жылдық меркелік шырша ұйымдастырылды. Мерекелік шыршаға даярлық сыныптан бастап жоғарғы курс оқушылары қатысты.Мерекеге келген ата-аналар мен мектеп оқушыларын безендірілген әдемі сахна, фото зона, қар қалашығы қарсы алды. Оқушылар өздерінің түрлі өнерлерін ортаға салып би билеп, ән айтты.Кеш көңілді өтті.

 

"Өнер адамына құрмет" атты аудандық семинар өтті. Семинар 2-бөлімнен тұрды, 1 - бөлімде зейнетке жасына таяған ауданымыздың еңбегі сіңген көркем еңбек пәні мұғалімдерімен сыр-сұхбат өтті. Кеш қонақтары Асылханова Бейбітгүл (Дәулетбай мектеп балабақша кешені), Нукатов Серікхан (Қ.Жарылғасынов атындағы Жаңалық мектебі), Сағидолдин Бауыржан (Абай атындағы орта мектебі), Якупжанов Асқар (Ақынов атындағы орта мектебі) және Сүлейменов Еркін ағаларымыз болды(Т.Рысқұлов атындағы мектебі ). Сыр-сұхбат барысында ұстаздарымыздың өмірбаяны, қызықты оқиғалары және еңбек жолдарымен таныс болдық.
2- бөлімде семинарға қатысушылар топтарға бөлініп quiz ойынын ойнады. Quiz ойыны қорытындысы бойынша 5 топтан оза шыққан
1-орын "Өнер" тобы
2- орын "3 кыз, 1ұл"
3-орын "Бейбарыс" орындарына ие болды.

 

 

 

Жаңа 2023-2024 оқу жылына дайын

Жаңа оқу жылына көркемөнер сыныбы кабинеті-5, қолөнер сыныбы кабинеті-4, акт залы,мұғалімдер бөлмесі, ұлдар, қыздар әжетханасы жаңа оқу жылына дайын. Осы жаңа оқу жылына Аудандық білім бөлімінің тарапынан мектебіміз жаңа жиһаздармен,  яғни стол, орындық, мольберт, шкафтармен жеткілікті етіп жабдықталды. Мұғалімдер тарапынан мектеп дәліздеріне сурет салынды.

 Балалар өнер мектебі "Мектеп-Green Oasis" жобасы аясында мектеп ауласына көктем уақытында көпжылдық гүлдер отырғызылды. Мектеп кабинеттерінде бөлме гүлдері орналасқан, әлі де гүл өсіру жыл бойы жалғасады. Дәліздерге жаңа оқу жылында гүл астаулары мен  балаларға арналған жұмсақ орындықтар  қойылды. Дәліз қабырғалары талапқа сай безендірілуде. Жаңа жиһаздармен қамтылған,  жарық та әсем мектепте оқушылар шығармашылықпен толық қанды айналыса алатындарына сеніміміз мол.

 

9-қыркүйек 2023 жыл. Облыс орталығында «Тарбағатай күні» аясында Балалар өнер мектебі тарапынан «Бояулар құпиясы» атты шеберлік сағатымен балалар шығармашылығынан көрме қойылды. Сондай-ақ Металлургтер мәдениет үйінде мұғалімдер шығармашылығынан көрме қойылды.

 

Ақжар ауылдық кітапханасының өткізуімен "Kitap time-2023"  жалпы республикалық кітап фестивалы аясында өткізілген Quiz ойынына мектебімізден мұғалімдерден 1 топ алғаш рет қатысып көрді.

 

 Пленэр-2023.

16 қыркүйек күні Балалар өнер мектебі ұжымы жоспарлы пленэрге шықты. Туған жердін табиғатының күздің жылы түстерге боялған пейзажды мұғалім-суретшілер алтын күз көрінісінен шабыттана отыра қағаз, кенеп беттеріне түсірді. Аспандағы жарыса өзгерген ала бұлттарды қылқалам қозғалысымен ұстап қалу оңай болмасы анық. Мектеп сурет қоры бірнеше пейзаж жұмыстарымен толықты. Ұжымға шығармашылық жаңа идея, жаңа табыс тілейміз!

«Сиқырлы күз» 30.09.2023 жыл Балалар өнер  мектебінде Табиғаттың әсем мезгілі «алтын күз» мерекесі өтті.Сары алтындай  сары күз , себетке толы жемістерімен , балалардың әсем әуенімен, мың бұралған билерін тамашалап жақсы әсер қалдырды.Сондай ақ  белсенділік көрсетіп ерекше образ көрсетіп Қайдарова Алуа бас жүлде иегері болып,медаль алып марапатқа ие болды. Сондай ақ  1-ші орынға ие болған  

Дүйсенбаева Лаура,Айгерім Төлегенқызы, 2 ші орын иегерлері Кендіржанова Ләззат,Исмайлова Дилинур женімпаз атан.

24 – қазан күні Президент жолдауына сәйкес білім сапасын арттыруда игі бастама педагогикалық ізденіс,жаңа серпін шығармашылықты дамыту мақсатында Көкпекті оқушылар шығармашылық орталығы Ақжар Балалар өнер мектебіне келді.Екі мектеп ел ертеңі үшін бір мүддеге қызмет атқара отырып ,жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген ойдамыз.

Республика  күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Балалар өнер мектебі

КММ – де 25 қазан «Республика күні» мерекесі аталып өтті. «Еліміз аман,жұртымыз тыныш болып көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін.»

 

27 – қазан күні Балалар өнер мектебі КММ – нің ұжымы арнайы квотамен Зайсан қаласында өткен ШҚО білім басқармасының  «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім берудегі ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы  мен «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі» бірлесе ұйымдастырған «Қосымша білім беру ұйымдарында оқушыларды оқытудың дамытушылық технологиялары» атты облыстық семинарға қатысты.Семинар барысында қолөнерден түрлі тақырыпта сабақтар көрсетіліп әр мұғалім өздерінің жаңашылдығы мен шеберліктерін ортаға салды. Музыка мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Мұғалімдеріміз семинардан алған тәжірибелері мен көрген әсерлерін мектебімізде өздерінің білім мен тәрбие берудегі еңбектеріне пайдаланатыны анық.Осындай облыс, республика көлемінде өтетін қосымша білім беру мектептеріне арналған семинарлар мен оқулар көп болсын демекпіз.

 

27- қазан 2023 жыл. Балалар өнер мектебінің ұстазы ,суретші Еркебұлан Маутханұлы 40 - тың  қырқасына келді. Соған орай мектеп ұжымында «Талант иесімен кездесу» сыр – сұхбат дөңгелек стол ұйымдастырылды.Кездесу барысында  ұстаз биографиясына шолу жасалып, қызықты 40 сұрақ айдары өткізілді. Мектептен түлеп ұшқан түлектердің ішінде жоғары оқу орынында оқитын жүрек жарды құттықтауларын онлайн жеткізді. Ұстазға осылай ерекше құттықтаулар жасалды.Әріптесімізге зор денсаулық,жанұясына бақыт, еңбегіне жеміс, шығармашылық табыс тілейміз.

Күзгі демалыс. Балалар өнер мектебінде оқушылар күзгі демалыс күндері жоспарға сай түрлі тәрбиелік мәні бар шараларға күнделікті қатысуда. Бүгін қуыршақ театрының түрлі бұйымдарын алып балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерін өздері сомдады. Әр бала образға кіре білді. «Үш шебер» мультфильмін бірге отырып тамашалады. Жетекшілік еткен тәрбие ісінің меңгерушісі Л.Кендіржанова және сәндік – қолданбалы өнер сыныбының мұғалімі А.Қайдарова болды.

Бүгін өнер мектебінің оқушылары арасында уақыттарын тиімді пайдалану  мақсатында спорттық сайыс ұйымдастырылды.Сайыс ұйымдастырылды.Сайыс барысында логикалық ойлау және қол моторикасына пайдалы ойын түрлері де ойнатылды.Ұйымдастырған сәндік – қолданбалы өнер сыныбы мұғалімі Дүйсенбаева Л. Жоспардың екінші кезеңінде «Мақтаншақ қыз» атты қызықты мультфиьмі көрсетілді. Барлық балалар отырып көрген, мультфильм өте әсерлі болатынын байқадық.

 Ашық сабақ апталығының ашылуы 20.11.2023 ж өтті

Жаңа технология бойынша жаңаша әдіс тәсілдер қолданылды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:Масалимова Қ.Е.Ұйымдастырушы педогог: Қабдуашева Б.С. ұйымдастыруымен өтті.

20-27 қараша аралығында жоспарға сай Балалар өнер мектебінің барлық  мұғалімдері ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтарды  мұғалімдер өте жоғары дәрежедегі дайындықпен өткізді. Әрбір мұғалім сабақ беру барысында жаңа технологияларды тақырыбына сай пайдалана білді. Бір апта сабақ барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты десекте болады.

 

26-қараша 2023 жыл.

Ашық сабақ апталығынан кейін мұғалімдерге  Quiz ойыны ұйымдастырылып, "Жалын", "АДЕС" және "Алтын Жұлдыз" топтары болып мұғалімдерден 3 топ қатысты. 4-кезеңнен тұрған қызықты тартыста 1-орын "АДЕС", 2-орын "Алтын Жұлдыз", 3- орын "Жалын" тобы иеленді. Ұйымдастырушы Оқу ісі жөніндегі орынбасары Масалимова Қ.Е. ұйымдастырушы- педагог Қабдуашева Б.С.


Педагогикалық кеңес 

Каникул уақытындағы шеберлік –сыныбы

Жұмыс барысы

«Бояулар құпиясы» атты тәжірибе алмасу күні

«Сулы бояу палитрасы»

атты мектепішілік сурет көрмесі

 

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар