10 Қаң 2024
Жаңалықтар

Өнер адамына құрмет

"Өнер адамына құрмет" атты  аудандық семинар өтті. Семинар 2-бөлімнен тұрды, 1 - бөлімде зейнет  жасына таяған ауданымыздың еңбегі сіңген көркем еңбек пәні мұғалімдерімен сыр-сұхбат өтті. Кеш қонақтары Асылханова Бейбітгүл ("Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені"), Нукатов Серікхан (Жарылғасынов атындағы Жаңалық орта мектебі), Сағидолдин Бауыржан (Абай атындағы орта мектебі), Якупжанов Асқар (Қабден Ақынов атындағы орта мектебі)  және Сүлейменов Еркін ағаларымыз болды(Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі ). Сыр-сұхбат барысында ұстаздарымыздың өмірбаяны, қызықты оқиғалары және еңбек жолдарымен таныс болдық.

2- бөлімде семинарға қатысушылар топтарға бөлініп quiz ойынын ойнады. Quiz ойыны қорытындысы бойынша 5 топтан оза шыққан

1-орын "Өнер" тобы

2- орын "3 кыз, 1ұл" тобы

3-орын "Бейбарыс" тобы ие болды.

Тәуелсіздік күніне орай "Балалар өнер мектебі" КММ де "Жас суретшілер палитрасы" атты мектепішілік оқушылар сурет сайысы өтті. Сайысқа жиыны 36 бала қатысты.

🎨1-4 сынып оқушылары еркін тақырыпта сурет салды. Бас жүлде Мұқашева Дина

1-орын Рашид Раяна, Рашид Аймерей, Бекеш Айзере, Қалыбекова Ислана

2-орын Қайролданова Ғазиза,  Қалымжанқызы Әлия, басқа оқушылар 3-орын номинациясымен марапатталды.

🎨5-8 сынып оқушылар "Тәуелсіздік" тақырыбында сурет салды. Бас жүлде Даниалханов Парасат 1-орын Жарқынқызы Алуа

2-орын Жандосұлы Ақжігіт

3-орын Халелов Жансерік ие болды.

🎨Жоғары сынып натюрморт салды.

1-орын Қайратова Толғанай

2-орын Тоқтарова Еркем

3-орын Кәкімбек Ералы ие болды.

Бүгін Балалар өнер мектебінде "Ғажайып жаңа жыл" атты балаларға арналған жаңа-жылдық меркелік  шырша ұйымдастырылды. Мерекелік шыршаға  даярлық сыныптан бастап жоғарғы курс оқушылары қатысты.Мерекеге келген ата-аналар мен мектеп оқушыларын безендірілген  әдемі сахна, фото зона, қар қалашығы қарсы алды. Оқушылар өздерінің түрлі өнерлерін ортаға салып би билеп, ән айтты.Кеш көңілді өтті.

Жаңалықтар
Пайдалы ақпараттық ресурстар